Ауыл тұрғындары өз еріктерімен блок пост қойды

Қысқаша

Ауыл тұрғындары өз еріктерімен блок пост қойды

92240506_525371368396628_1162663946428088320_n.jpg

Жетісай ауданы Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өз ауылдарының кіреберіс қақпаларына блок пост қойды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

"Бұндай жағдайға ел болып ақылдасып келіп отырмыз. Елдің әрбір адамы біздер үшін қымбат. Оның үстіне ауылымыз Жетісай қаласына жақын орналасқандықтан ауылға келімді-кетімді адамдар көп. Соның барлығын ескере келе осындай қадамға барып отырмыз дейді" ауыл тұрғыны Досым Ахметов

Қосымша айта кететін болсақ, аталмыш ауылда 300 ден астам үйде 2793 адам өмір сүреді. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер, түгелдей дезинфекция жасалынып жатыр.

Індеттің алдын алу, дертке шалдыққандардың санын арттырмау мақсатында құрылған жергілікті штаб төрағасы, аудан әкімі Жамантай Қанайұлының шешімімен Жетісай қаласында шектеу шаралары күшейтілді. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен прокуратура қызметкерлері, полиция бөлімінің инспекторлары мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен Жетісай қаласы әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалаға кіретін күре жолдардың бойына 6 блок-бекеттер қойылып, кешкі сағат 19:00-ден кейін қалаға кіру тыйым салынды.