Сақтық шараларына әскерилер тартылды

Қысқаша

Сақтық шараларына әскерилер тартылды

Screenshot_6.png

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 11 жағдай тіркелді. Осыған байланысты, Арыс қаласының әкімі М. Қадырбектің тапсырмасымен, Арыс – Шардара, Арыс – Қазығұрт бағытындағы шекаралық аймақтарда 2 блок пост қойылды. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Блок посттарда полиция инспекторлары, эпидемиолог мамандар, және әскери бөлімшелерден сарбаздар жұмылдырылды. Олар Арыс қаласы аумағына кіретін әрбір көлікті тоқтатып, қашықтан жолаушының дене температурасын өлшеп, тіркеп отырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан өзге, Ақдала елді мекенінің жанынан эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын блок пост орнатылған. Блок посттар біріншіден, тұрғындарға қауіптің алдын алу шараларын түсіндіру үшін, екіншіден, денсаулығын тексеру үшін қойылды. Бұл шаралар тұрғындардың уақытын алғанмен де адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екенін түсінуі қажет.

Аталған блок посттарда мамандар күшейтілген режимде қызмет атқарып, вирустың таралуына жол бермеуге атсалысуда. Сондықтан, сіздерден қажетінше сақтық шараларын жасап, үйде болуға шақырамыз!-делінген хабарламада.

Айта кетері, Арыста бүгін бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Н. Құлмұратовтың  қаулысына сәйкес коронавирус індетінің алдын алу мақсатында  бетперделік режим енгізілді.