Бектай ОРМАНОВ: БҰЛ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

Қысқаша

Бектай ОРМАНОВ: БҰЛ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

1584957707961793.jpg

Бектай ОРМАНОВ, «Қазақстан стратегиялық зерттеу институты Шымкент аймақтық өкілдігінің» директоры:  

– Коронавирус індетімен күрес көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Елбасының  әлемдік пандемияға байланысты үндеуі өте маңызды. Елімізде қауіпті дертке төтенше жағдайдың жариялануы маңызды қадам болды деп санаймын. Коронавирус тек біздің елді ғана алаңдатып отырған жоқ. 170-ке жуық мемлекетке тарап, үрей туғызуда. Осы ретте Елбасының кешегі үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп білемін. Бұл қиын кезеңдер де артта қалып, жаһандық індет ауыздықталады деп сенемін.  Еліміздің дәрігерлеріне де алғыс айтуымыз керек, күшейтілген режимде күндіз-түні еңбек етіп жатыр. Тұңғыш Президент Қазақстанның бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басатынына сенім білдірді. Осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетейік, ынтымақ, бірліктің арқасында барлық қиындықты жеңіп шығуға шақырамын. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана бабаларымыздың нақыл сөзі қай заманда да өзінің құндылығын жойған емес. «Бірлігі бекем ел тозбайды». Ғасырлардан келе жатқан осы таным-түсінікке арқа сүйей отырып, қиындықтан тек бірліктің, ортақ түсіністіктің арқасында шығатынымызды ұмытпайық.