Түркістан облысы әкімнің пандемия кезіндегі карантинде заң бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтарын қорғау, қылмыстарды жедел ашу туралы тапсырмасына сай тәртіп сақшылары қоғамдық бақылау шараларын күшейтті. Сондай шаралардың бірінде отырарлық полицейлер көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады.
Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өз арызында 12:00 мен 16:00 аралығында белгісіз біреу өзінің пәтеріне жасырын кіріп 25 мың теңге ақшасы мен құны 60 мың теңгені құрайтын алтын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Полиция қызметкерлері жедел тексеру мен іздеу жұмыстарын бастап, нәтижесінде полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғандай ұсталған ер адам ұрлықты алдын ала жоспарлаған. Ол жәбірленушінің үйіне түскі уақытта ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізіп, пәтерге заңсыз кірген. Осылайша үй иесіне 90 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Тергеу амалдары жүргізіліп оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады.
Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға үйлеріңізді барынша мұқият қарап, дабылқаққыш орнатыңыздар деп ескертеді. Егерде сіз ұрлықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз 102 нөміріне хабарласыңыз.