Жиырма мың теңге ұрлап жауапқа тартылды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің ұсақ қылмыстарды болдырмау және оның алдын алу туралы тапсы

057.jpg

Түркістан облысы әкімінің ұсақ қылмыстарды болдырмау және оның алдын алу туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары жүйелі түрде жүзеге асыруда. Сондай шараның бірінде сайрамдық полицейлер дүкеннің кассасынан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады.
Сайрам аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Сайрам кентіндегі дүкендердің бірінің сатушысы ақша ұрлағаны туралы арызданған. Әйелдің айтуынша, дүкенге белгісіз ер адам кіріп, кассадан 20 мың теңгесін байқатпай жымқырып кеткен. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.
Ұрлықты ашуға бірден криминалдық полиция қызметкерлері, патрульдік қызмет жасақтары мен учаскелік инспекторлар жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, көшеде және дүкеннің жанында орнатылған бейнебақылау камераларын мұқият тексерді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сайрам АПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары бірнеше сағат ішінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын бұзақылық үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты заттар тәркіленді. Ер адам қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ақша мен құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның 102 телефонына хабарласыңыз.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Құқық
TAG: