Көлік ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Қысқаша

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының екі ауданында жасалған 4 автокөлік ұрлығына қаты

66.jpg

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының екі ауданында жасалған 4 автокөлік ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады. Автокөлік ұрлаушылар негізінен "Ваз" маркалы көліктерді ұрлап кетіп, оларды кейіннен бөлшектеп сатуды жоспарлаған. 

Сарыағаш аудандық Полиция бөліміне жәбірленушілердің бірі түнде белгісіз тұлғалар оның құны жарты миллион теңгеден асатын "Ваз" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Осыған ұқсас арыздармен аудандық полиция бөліміне тағы бірнеше зардап шеккен автокөлік иелері жүгінген. 

Автокөліктерді ұрлаған күдіктілерді ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы құрылған жедел-тергеу тобы шұғыл қажетті іздестіру іс-шараларына кірісіп, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алды. Қылмыс орындарын, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатуы мүмкін көлік бөлшектерін сату орындарын мұқият тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 жергілікті тұрғыннан құралған қылмыстық топты анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ Сарыағаш ауданының тұрғындарынан 3 автокөлік және Жетісай қаласы тұрғынының 1 автокөлігін жымқырған. Содан кейін ұрланған автокөлікті күдіктілер үйінде жасырып, бөлшектеп, қосалқы бөлшектерге сатуды жоспарлаған. 

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. 

    A+
Уақыты: 2020-08-10  Айдарша: Құқық
TAG: