Карантин талаптарына бағынбай заң бұзғандар жазаланады

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласы мен барлық аудандарда әкімд

78.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласы мен барлық аудандарда әкімдік, СЭС, полиция, және басқа да мүдделі орган қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылды. Олар күн сайын көшелер мен адамдар көп жиналатын орындарды аралап, тұрғындарының бетперделік режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауына ерекше назар аударады. Сонымен қатар, халықпен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың және жеке қорғаныш құралдарын киюдің маңыздылығы туралы түсіндіру әңгімелерін үнемі өткізіп тұрады.

Созақ ауданында полиция қызметкерлерімен жүргізілген сондай рейдтер барысында мобильдік топтар 46 карантин режимін бұзу жайтын анықтады және ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған қоса Созақ АПБ қызметкерлері енгізілген карантинге қарамастан, ұйым қызметкерлерінің қатысуымен санитарлық нормаларды бұзуда жиналыс өткізген геологиялық ұйымдардың бірінің басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 800 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар кезінде адамдар жаппай шомылатын жерлерден ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 78 құқықбұзушылық тіркелді. Полицейлер жергілікті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне және карантиндік режимді сақтау қажеттілігіне байланысты тыйым салынған жерлерде шомылуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Барлық анықталған фактілер бойынша жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимінің талаптарын сақтауға, үйден шықпауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

    A+
Уақыты: 2020-08-01  Айдарша: Құқық
TAG: