Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді

Қысқаша

Бүгінгі күні Түркістан облысында Армения Республикасынан қазақстандықтар алып келген

80.jpg

Бүгінгі күні Түркістан облысында Армения Республикасынан қазақстандықтар алып келген автокөліктерді тіркеу жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес "армян автокөліктерінің" иелері 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуден өтуі қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстанға әкелінген сол жақ рульді автокөліктер ғана тіркеуге жіберіледі.

Түркістан облысында 1 маусымнан бастап "армян нөмірлерімен" 264 автокөлік иесі тіркелген. 11 мың 946 теңге мөлшеріндегі төлемдерді төлегеннен кейін, тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт беру үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 7778 теңге. Автокөлік иелері "сары нөмірлер" алады және заңды түрде жүре алады.

Оған қоса полиция қызметкерлері Армения Республикасынан шығарылған автокөліктерді тіркеу аяқталғанға дейін бір айдан аз уақыт қалғанын еске салып, тіркеуге үлгеруге шақырады. Сондай-ақ, автокөлік иелері Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан Түркістан облысы Полиция департаментінің Call-орталықтарына түсініктеме алу үшін жүгіне алады.

Армениядан келген көлікті тіркеу үшін иесінің жеке басын куәландыратын құжатмемлекеттік тіркеу үшін 0,25 пайыз АЕК және мемлекеттік баж мөлшерінде алым төлеу туралы құжаттар, көлік құралдарына КҚТК және МТНБ ұсыну қажет.

    A+
Уақыты: 2020-08-09  Айдарша: Құқық
TAG: