Карантин талаптарын сақтамай заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Қысқаша

Түркістан облыс әкімінің тапсырмасымен карантин кезінде сақтық шараларын күшейткен с

116.jpg

Түркістан облыс әкімінің тапсырмасымен карантин кезінде сақтық шараларын күшейткен сарығаштық сақшылар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексін бұзған 69 азаматты ұстады. Дәл осы кодекстің 364-бабымен бәйдібектік тәртіп сақшылары да 55 адамды ұстап, әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар оларға түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Жаз мезгілінде күн ысыған сайын өзен-көлдер мен каналдарға барып суға түсушілер көбейеді. Алайда Түркістан облысының бас санитар дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, карантин талаптарын қатаң ұстану үшін сонымен бірге әр азамат өз денсаулығын сақтау мақсатында шомылу маусымынан уақытша бас тартқаны жөн. Дей тұрғанмен бүгінгі таңда бетпердесіз жүрген азаматтардан бөлек, карантинге бағынбай, топтанып барып суға түсіп заң бұзғандар саны азаяр емес. Осындай олқылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты полиция басқармалары мен бөлімдері орналасқан аудандарда рейд жұмыстары күшейтуде. 

Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді. 

    A+
Уақыты: 2020-08-08  Айдарша: Құқық
TAG: