Дәріні қымбаттатып сатқандар құрықталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің коронавирустың таралуына байланысты карантин талаптарын жү

321.jpg

Түркістан облысы әкімінің коронавирустың таралуына байланысты карантин талаптарын жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдік өкілдеріне құрылған мобильді топ Қазығұрт ауданында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактісін анықтады. Аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан дәріханалардың бірінде оған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Анықтағандай дәріхананың сатушысы тұтынушыға "Анаферон" дәрісін және "ацетилсалицил қышқылының" қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқан (белгіленген бағасы 1350 теңге).

Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Дәріхананың сатушысы дәрілік заттарды сатып алушыға жоғары бағамен сатқанын мойындады. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Сол күні Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы елдімекендерінің бірінде 5 "Котенокс" бумасын 10 мың теңгеге сату кезінде әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмектерді тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, аса қажеттіліксіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, антисептикті пайдалануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

    A+
Уақыты: 2020-07-21  Айдарша: Құқық
TAG: