Немересі әжесінің үйіне ұрлыққа түсіп ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тіркелген қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын нәт

телед.jpg

Түркістан облысы әкімінің тіркелген қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын нәтижелі жүзеге асырып келе жатқан тәртіп сақшылары Сайрам ауданында әжесінің үйіне ұрлыққа түскен немересін ұстады.  

Сайрам аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол күндізгі уақытта үйінен жұмыстарымен шығып, кешке сағат 18:30-дар шамасында үйіне келгенінде «LG» маркалы 123 см диоганальды теледидары жоқ екенін байқайды. Содан полицейлерге шағымданып, ұрыны ұстауға көмек беруін сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мыңға жуық теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің теледидарын ұрлаған өзінің немересі екенін анықтады. Күдікті АПБ-не жеткізілді.
Тергеу барысында күдікті әжесінің үйіне ашық тұрған терезесі арқылы кіргенін айтты. Содан ұрланған теледидарды ломбардтардың біріне 150 
мың теңгеге өткізгенін, ақшасын өз қажеттілігне жаратқанын мойындады. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз үйіңізге, мал-мүлкіңізге барынша сақ болуды ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құүлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің үйіңізге көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

    A+
Уақыты: 2020-07-21  Айдарша: Құқық
TAG: