Лицензиясыз емдеп, дәріні қымбаттатып сатқан тұрғын ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің карантин кезінде дәрі-дәрмек бағасын шекті басадан асырып с

уйдари.jpg

Түркістан облысы әкімінің карантин кезінде дәрі-дәрмек бағасын шекті басадан асырып сатқандарды жауапқа тарту туралы тапсырмасына сәйкес Келес аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз дәрі-дәрмек сатудың алдын алу, болдырмау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарасы барысында, Ынтымақ ауылының тұрғыны анықталды. Ол үйінен заңсыз, стандартқа сай емес, лицензиясы жоқ ем қабылдау бөлмесін өздігінен ашып алып, келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатып, онымен қоса егіп беру кезінде ұсталды.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, анықталған заңсыз ем қабылдау орнынан айғақтық зат ретінде 28 түрлі дәрі-дәрмектердің 311 қорабын, 50 дана система, 100 дана шприц, 36 дана бетперде, 10 дана мақта тәркілеп алды. Тергеу барысында тұрғын дәрі-дәрмек препараттарын қымбат бағада сатқанын мойындады.

Аталған жайт Келес АПБ-не тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігіне бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына жолданды.

Жалпы Түркістан облысы полицейлері Президент Қ.Ж.Тоқаевтың заңсыз дәрі сату жайттарын анықтауға байланысты тапсырмасын орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге дейін облыс полицейлері заңсыз үстеме бағамен дәрі сатудың 25 жайтын анықтап, 2000-ға жуық дәрі-дәрмектерді тәркілеп алған.

    A+
Уақыты: 2020-07-20  Айдарша: Құқық
TAG: