Құқық қорғау қызметкерлері жоғалған қызды тауып анасына табыстады

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңір тұрғындарының құқықтарын қорғау мен қау

жогалганкыз.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңір тұрғындарының құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары нәтижелі жүзеге асуда. Соның бірі – Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары жоғалған жас қызды тауып, жанұясына қайтарды.

Ордабасы аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Түркістан қаласындағы нағашы апасының үйіне қыдырып кеткен 2001 жылғы қызы туысының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлайды. Анасының айтуынша жас қыз кешкі сағат 19:30 дар шамасында үйден шыққан. Содан бері із-түссіз, хабарсыз кеткен.

Аталған хабарлама бойынша Ордабасы АПБ-нің полицейлері тез арада іске кірісті. Қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын маңдарды аралап, қыздың баруы мүмкін деген жерлері мен таныстарына сұрау салды. Тәртіп сақшыларының жүйелі жұмыстары оң нәтиже беріп, 1 тәуліктен соң, қыздың өз ауылында сыныптасының үйінде екендігі анықталды.

Тергеу барысында 19 жасар қыз, отбасылық кикілжіңдерден шаршап, ата-анасына ренжіп, бірінші күні Шымкент қаласындағы танысының үйіне барып қонғаны белгілі болды. Одан кейін, келесі күні өзінің ауылына келіп, ата-анасына ескертпестен сыныптас құрбысының үйінде болған. Осылайша полицейлер ақпарат көздері арқылы қыздың тұрған мекен-жайын анықтап тауып, анасына табыстады. Сонымен қатар, полицейлермен бұл жас қыздың бұрын да осылай бір рет үйінен кетіп қалып, табылғаны анықталды. Өз кезегінде қыздың анасы Ордабасы АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын аман-есен тауып бергендері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өздеріңіздің ұл-қыздарыңызбен дос болып, жиі сөйлесіп отыруға, араласатын ортасын толық біліп, бақылауда ұстауға кеңес береді. Одан бөлек, отбасында ынтымақ-бірлік болуын басты назарға алуға шақырады. Ал, егер балаңыз жоғалып немесе бірер сағат болсын еш хабарсыз кетсе, уақытты өткізбей, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар

    A+
Уақыты: 2020-07-14  Айдарша: Құқық
TAG: