Адам қағып қашып кеткен жүргізуші заңмен жазаланады

Қысқаша

Жетісай ауданында құқық қорғау қызметкерлері велосипед айдаған баланы қағып, оқиға ор

балакагу.jpg

Жетісай ауданында құқық қорғау қызметкерлері велосипед айдаған баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Ол Жетісайдың жергілікті тұрғыны болып шықты.

Жетісай аудандық Полиция бөлімінің кезекшілігіне орталық ауруханаға жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен 8 жасар жасөспірімнің түскендігі туралы хабарлама келді. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері тас жол бойында өзінің бағытымен келе жатқан велосипедті белгісіз «Lаda» автокөлігі соғып, жол-апатын жасағанын анықтады. Ал, кінәлі жүргізуші содан кейін жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан велосипед айдап келе жатқан жасөспірім басынан жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген.

Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүргізушіні ұстау мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде 2 сағат ішінде тәртіп сақшылары күдіктіні өзінің үй жағында қолға түсірді.

Тексеру барысында күдікті көлік құралын басқаруға құжаты жоқ екендігі, ұлының көлігін мас халде басқарғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес «орта дәрежелі» мас күйде екендігі белгілі болды. Күдікті қамауға алынды.

Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-1-бабы «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тіркелді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, ең бастысы мас халде көлік басқармауға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.

    A+
Уақыты: 2020-07-09  Айдарша: Құқық
TAG: