Заңға қайшы әрекеттерге шақырған арандатушылар жазаланады

Қысқаша

Түркістан облысының Шорнақ ауылында тас қолдану арқылы төбелеске ұласқан тұрмыстық жа

кисен.jpg

Түркістан облысының Шорнақ ауылында тас қолдану арқылы төбелеске ұласқан тұрмыстық жанжал орын алып, оқиға орнында болған учаскелік полиция инспекторы бассыздықты тоқтатты. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты. Облыс әкімдігі және қоғам өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті. Жағдай бақылауда.

Оқиға болған жерде дене жарақатын алған учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетілді. Ал, криминалдық полицияның жедел уәкілдері заңбұзушылыққа бой алдырып, тұрғындардың тыныштығы мен құқықтарын бұзған 4 азаматты анықтап, ұстады. Оның ішінде 2 күдікті тұлға соттың санкциясымен қамауға алынды. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырды. Кейбір адамдар ұлттық алауыздықты қоздыратындай әрекет етіп және көрінеу жалған ақпарат тарата бастады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердің, мессенджерлер мен бейнехостингтердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға шақырған 4 адамды анықтап, жеткізді. Олардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары.

Барлық анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    A+
Уақыты: 2020-07-26  Айдарша: Құқық
TAG: