Бір күнде 31 қару алынды

Қысқаша

Түркістан облысының полицейлері "тіркелмеген атыс қаруын сатып алу" акциясының бірінш

оружакц.jpg

Түркістан облысының полицейлері "тіркелмеген атыс қаруын сатып алу" акциясының бірінші күнінде 31 дана қару алды. Оның ішінде 29-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, біреуі ойық ұңғылы, тағы біреуі шолақ мылтық.

Аталған шара еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн-форматта жүзеге асуда. Мәселен Сайрам ауданының тұрғыны өзінің атасынан қалған 2 бірдей 12 және 16 калибрлі аңшы қаруларын өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

– Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Биылғы жылы іс-шара онлайн режимге ауыстырылса да, тұрғындардан белсенділігі байқалады. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе "102" нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады, –  дейді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.

    A+
Уақыты: 2020-07-02  Айдарша: Құқық
TAG: