Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды. Бұл тураплы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтты.
– Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды. Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса. Осы мамыр айында Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері "өткен жылдар" санатындағы қылмыстарды жасағаны қылмыскерді ұстады. Қылмыс 2005 жылы болған. Кентау қаласының Полиция бөліміне ауруханадан пышақ жарақатымен жас жігіттің жеткізілгені жөнінде хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында, жәбірленуші Кентау қаласындағы кафелердің бірінде болып, сол жерде жарақат алғаны анықталды. Осы жайт бойынша 2005 жылы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерге іздеу жарияланды. Ол сол аралықтарда бой тасалап, қашып жүрген. Осы жылдар бойы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын тоқтатпады, таныстар шеңберін және жасырынған қылмыскердің тұратын мекенжайын анықтады. 15 жылдан кейін полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан ер адамның ізіне шығып, оны Түркістан облысының бір елді мекенінен ұстады, – деді полиция подполковнигі.