Үш баласымен қауышқан ана алғыс айтты

Қысқаша

Халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату – Түркістан облыс

3бала.jpg

Халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қояр басты талаптарының бірі. Осы бағытта өңір басшының тапсырмасын бұлжытпай орындап жүрген полицияға елдің сенімі күннен күнге артуда. Тұрындардың көмек сұрап келуі соның айғағы.

Мақтарал аудандық Полиция бөліміне Атакент ауылының екі әйел тұрғыны келіп, үйден шығып кеткен балалары жоғалып кеткенін хабарлады.

Бірнеше сағат бойы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жоғалып кеткен үш ұлды тауып, ата-анасына қайтарып берді. Анықталғандай, жасөспірімдер Атакент ауылы көшелерінің біріне қыдырып шығып, кеш батып, күн қараңғы болған кезде жергілікті мешітке қонған. Ал, келесі күні күндіз ауылда ойнап жүрген оларды полиция қызметкерлері тауып, үйлеріне қайтарды.

Өз кезегінде, табылған жасөспірімдердің анасы кәмелетке толмаған балаларын тауып бергені үшін Мақтаарал АПБ-нің полицейлеріне алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

    A+
Уақыты: 2020-05-21  Айдарша: Құқық
TAG: