Армения көліктері тіркеуге алынғанымен сатуға жатпайды

Қысқаша

Аталған автокөліктер үшінші тұлғаларға сатуға жатпайды. Бұл туралы Түркістан облысынд

армянскийавто.jpg

Аталған автокөліктер үшінші тұлғаларға сатуға жатпайды. Бұл туралы Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылғанын хабарлаған Полиция мәліметінде айтылды.

«Егер автокөлік иесі оны сатқысы келсе, онда оған автокөлікті есептен шығарып, бұрынғы армян нөмірі мен техникалық төлқұжатын қайтарып алып, одан кейін оны Армян Республикасының есебінен алып, барлық баждар мен алымдарды, яғни кәдеге жарату және бастапқы алымдарды (шамамен 2-4 млн.тг) төлеген соң ғана автокөлікті басқа тұлғаға ресімдеуге рұқсат етіледі» делінген хабарламада.

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылды. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары:
1. Түркістан МХҚКО - "Мега орталық» ғимараты
2. Сайрам МХҚКО. Қарасу ауылы С. Рахимов көшесі 10/79
3. Сарыағаш МХҚКО. Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесі, 17 а
4. Ордабасы МХҚКО. Темірлан ауылы Аббасов көшесі, 11
5. Мақтарал МХҚКО. Мырзакент а. Мадиходжаев көшесі 7а үй

    A+
Уақыты: 2020-05-22  Айдарша: Құқық
TAG: