Түркістан облысының полицейлері кезекті көкнар егістігін жойды

Қысқаша

Түркістан облысында есірткіқұмарлықпен күрес және есірткі қылмысының алдын алу жұмыс

кокнар.jpg

Түркістан облысында есірткіқұмарлықпен күрес және есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары қашанда облыс әкімі Ө.Шөкеевтің басты назарында. Бұл бағытта өңірде Түркістан облыстық Полиция департаментінің үйлестіруімен жедел жұмыстар атқарылуда.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ауыл тұрғынының ауласынан құрамында есірткі заты бар заңсыз егілген өсімдікті анықтаған. Ол бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің бау-бақшасынан 220-нан астам көкнарға ұқсас есірткі өсімдіктері табылған. Сондай-ақ, айғақты зат ретінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас 4 түп тәркіледі. Құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 17 кг құрады.

Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, күдікті өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда . Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

    A+
Уақыты: 2020-05-25  Айдарша: Құқық
TAG: