Дүкендерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайт

толебиполиц.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі шұғыл анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Төлеби ауданында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен шешімін тапты. Полиция қвзметкерлері дүкен тонаған күдіктіні тез ұстады.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жеке кәсіпкер, жергілікті 2 тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың дүкендерінен азық-түлік пен киім-кешектерін белгісіз әйел ұрлап кеткен. Төлебилік полицейлер осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Камераларды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлер жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде небары жарты сағат ішінде күдікті әйел ұсталды. Тексеру барысында күдікті жас әйел жергілікті тұрғын, 4 баланың анасы болып шықты.
Тергеу анықтағандай, күдікті бірінші киім дүкеніне кіріп, сатушының қолы босамай жатқанын пайдаланып, ұрлық жасаған. Содан кейін таксиге отырып, 600 метр арыда орналасқан азық-түлік дүкеніне келіп, адам көптігін пайдаланып, керек-жарағын алып, кассаға ақша төлеместен, жай ғана шығып кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден асады.
Қазіргі таңда аталған жайттарға байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Түркістан облысы полицейлері түрлі ұрлықтардың алдын алу мақсатында сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Ұрлық жайты орын алған кезде, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.

    A+
Уақыты: 2020-05-28  Айдарша: Құқық
TAG: