Ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын ұсталды

Қысқаша

27 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен прокуратураға зерттеу үшін жіберілді.

95386345_882517255557297_302090450364268544_n.jpg

Кентау қаласында ұлтаралық алауыздықты қоздыратын бейнежазба таралып, ондағы басты тұлға күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін ғаламторда белгісіз ер адамның әлеуметтік желі арқылы онлайн режимде ұлтаралық алауыздықты қоздыратын бейнежазбасы таралған болатын. Аталған жайт Түркістан облысы Полиция департаментінің Кентау қалалық Полиция бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабын бұзу, яғни "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жеке басын анықтап, тез арада ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде тергеу органдарының қызметкерлері тергеуге байланысты іс шаралардың барлық кешенін, оның ішінде бірқатар қажетті сараптамаларды жүргізді. Нәтижесінде, осы жылдың 27 сәуірінде қылмыстық іс айыптау актісімен прокуратураға зерттеу үшін жіберілді.

    A+
Уақыты: 2020-04-30  Айдарша: Құқық
TAG: