Жабық стадионда футбол ойнатқан кәсіпкерді жауапкершілікке тартты

Қысқаша

Кентау қаласында азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін енгізілген төтенше жа

кентаупол.jpg

Кентау қаласында азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін енгізілген төтенше жағдай режимін бұзып, коммерциялық мақсатта жұмыс істейтін жабық стадионында футбол ойнаушыларды қабылдаған азамат бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Кентау қалалық Полиция бөліміне қарасты Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы М.Байдилдаев Мемлекет басшысының қаулысымен енгізілген төтенше жағдай режимін бұзған жайтты анықтап, кәсіпкерді жауапкершілікке тартты. Өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 476-бабымен кінәлі деп танылып, Кентау қалалық сотының шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды төтенше жағдай режиміне неқұрайлы қарамай, тәртіп бұзбауға шақырады. Әлемді шарпыған пандемия қаупін сейілтіп, індеттің алдын алу мақсатында қолға алынған мәжбүрлі шаралар өзіңіз және өзіңіздің айналаңыздағы азаматтардың амандығы үшін жүзеге асырылуда.

    A+
Уақыты: 2020-04-01  Айдарша: Құқық
TAG: