Тәртіп сақшылары мас жүргізушіні ұстады

Қысқаша

Тәртіп сақшылары құқықбұзушыны медициналық куәландыруға жеткізді және жүргізуші "жеңіл дәрежеде мас болғаны" анықталды.

пившофер.jpg

Түлкібас ауданында тәртіп сақшылары мас жүргізушіні ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және аудан орталығының жолдарын патрульдеу қызметін атқару кезінде Түлкібас АПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері Шымкент қаласы тұрғынының басқаруындағы "Лада" автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі мас күйінде көлік басқарып келе жатқаны анықталды.

Тәртіп сақшылары құқықбұзушыны медициналық куәландыруға жеткізді және жүргізуші "жеңіл дәрежеде мас болғаны" анықталды. Белгілі болғандай, мегаполис тұрғыны өткен жылдың жазында Алматы қаласының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша автокөлікті жүргізу құқығынан үш жылға айырылғанына қарамастан, ер адам тағыда көлікке мас халде отырған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі "көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын ұрлық жасағанын және мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотты болғанын айқындады. Полиция қызметкерлері аталған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үстінде.

    A+
Уақыты: 2020-03-17  Айдарша: Құқық
TAG: