Мал ұрлап істі болды

Қысқаша

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауға және оны сақтау шараларын қатаң қолдануға кеңес береді.

букачка.jpg

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлаған жігітті қолға түсірді. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, осы жылдың ақпан айында белгісіз тұлғалар оның қорасынан құны 200 мың теңге тұратын бұқасы ұрланғанын көрсетті. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлық» бойынша тіркелді.

Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, танысымен ішімдік ішкен жас жігітке ақша керек болады. Оңай жолмен ақша табу ойымен ол, түнгі уақытта ауылдасының ауласына кіріп, үйінен бұқасын ұрлап шығып, өзінің үйіне жасырады. Тәртіп сақшылары ұрланған малды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері мал ұрысының басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауға және оны сақтау шараларын қатаң қолдануға кеңес береді. Аулалар мен шаруашылық аулаларды мықтылап бекіту қажет, ал мал жаю үшін тұрақты бақташыларды жалдау қажет. Сондай-ақ, үй малын таңбалап, ен салдыртып отыру қажет. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарласып, өз бетінше іздеп уақыт жоғалтпау қажет.

    A+
Уақыты: 2020-03-17  Айдарша: Құқық
TAG: