Полиция ағасының тайын ұрлап сатқан қызды ұстады

Қысқаша

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға мал-мүліктеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

тайкыз.jpg

Түркістан облысы полицейлері туған ағасының тайын ұрлаған қызды ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында Шымкент қаласына кетіп бара жатқандықтан, үйінің ауласында жүрген тайын көршісіне қарайлап тұруды тапсырып кеткенін, алайда қайтып келгенінде тайы жоқ болып шыққанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгеден астам теңгені құрады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. 

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жасаған күдіктіні ұстап, қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде, полицейлер жинақтаған ақпарат көздері арқылы қылмыстың «ізін суытпай» 5 сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің туған қарындасы, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. 

Тергеу барысында анықталғаны күдікті ағасының үйінде жоқтығын пайдаланып, 1 бас тайды ұрлап алып шығып, 120 мың теңгеге келісіп, басқа біреуге сатып жіберген. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып үлгерген. Полицейлер жоғалған тайды тауып, тәркілеп алды және заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға мал-мүліктеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаңызды жарықтандырып, дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатыңыздар деп кеңес береді. Сондай-ақ, төрт түліктеріңізге уақытылы ен салып, таңбалап отырыңыздар. Малыңыз жоғалып немесе ұрланса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер.

    A+
Уақыты: 2020-03-18  Айдарша: Құқық
TAG: