Есірткі сатып ұсталды

Қысқаша

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

кылмыс.jpg

Түркістан облысында заңбұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданында есірткі сатумен және сақтаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметіне жергілікті тұрғынның марихуана өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден айғақты зат ретінде өсімдік тектес есірткі заты бар орама алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес тәркіленген заттың салмағы шамамен 20 грамм болатын "кептірілген марихуана" екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

    A+
Уақыты: 2020-03-12  Айдарша: Құқық
TAG: