Полицейлер 30 блокпостты да қадағалайды

Қысқаша

Полиция облыс тұрғындарын ретсіз үйден шықпауға және мүмкіндігінше барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

91479012_857630998045923_8157234826114498560_o.jpg

Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында арнайы құрылған штабпен бірлесе Полиция департаментінің қызметкерлері де күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен коронавирус инфекциясының Түркістан облысы аумағына енуі мен таралуының алдын алу мақсатында іске қосылған 30 блокпост полицейлер басты назарында. Республикалық маңызы бар жолдардағы Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберістегі «Шақпақ» және Қызылорда облысынан Кентау қаласына қарасты «Сауран» блокпоттарында облыс аумағына енген азаматтар сақшылардың қадағалауымен дәрігерлердің медициналық тексерулерінен өтуде.

– Облыс көлемінде ашылған блокпосттарға 200-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Облыс сақшыларымен бірге медицина мамандары, көлік инспекциясының қызметкерлері жолдан өтетін әрбір көлікті жіті тексеруде. Сонымен қатар көлік ішіндегі жүргізушілер мен жолаушылардың дене қызулары арнайы құрылғымен тексерілуде. Егер дене қызу анықталмаса облыс аумағына өткізіледі. Ал дене қызуы анықталатын болса онда міндетті түрде ол адам оқшауланып, медицина мамандарымен тексеруге жөнелтіледі. Бүгінге дейін облысқа өтіп кеткен дене қызуы бар адам анықталған жоқ. Біз бұдан әрі де блокпосттардағы жүйелі жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз, – дейді Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов.

Полиция облыс тұрғындарын ретсіз үйден шықпауға және мүмкіндігінше барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

    A+
Уақыты: 2020-03-26  Айдарша: Құқық
TAG: