«ECO SANA» жобасы мәресіне жетті

Қысқаша

Бұл жоба әлі де жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады.

Screenshot_8.png

“БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН”деген ұранмен өткен «ECO SANA» СЕНБІЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ өз мәресіне жетті. «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпы ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада бір жарым ай ішінде 18 мың тоннаға жуық қоқыс жиналған. Сенбілік соңында белсенді жастар мен үздік ұжымдар арнайы марапатталды.

Жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.Ал, сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері,  волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді жастар қатысып, екі жарым тоннаға жуық қоқыс шығарылған болатын. Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен сенбілікте үш тоннадан астам қоқыс, Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікте, тоғыз тоннаға жуық қоқыс шығарылған, ал Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданындағы «Бадам» су қоймасынан үш жарым тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын. жалпы сенбілік аясында  18 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып шығарылды.

Сенбілік қозғалысының қорытындысы бойынша, жүлделі I-орынды – «Авиценна» көпсалалы медицина колледжінің студенттері еншіледі.  II-орынды “ЖАС ОТАН” ЖҚ мекеме иеленсе, III-орын – Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы иеленді.

Бұл жоба әлі де жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар.  Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады.


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: