«Алғашқы жұмыс орны» жобасы насихатталды

Қысқаша

Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Screenshot_4.png

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» бағытын насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық бейнеролик әзірледі. 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі. 

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. Жобаға қатысушының еңбекақысы 20 АЕК көлемінде. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алғашқы 12 айдың еңбекақысын субсидиялайды. Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасуға көп балалы және/немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер қатарынан үш жыл ішінде оқуды аяқтаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің басым құқығы бар.

Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы  бөлімшелеріне  жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: