Қарабастаулықтар сапалы электрмен қамтылды

Қысқаша

Мамандар жыл соңына дейін 21 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, көрсеткіш 97%-ға өседі дейді.

Screenshot_16.png

Шымкенттегі Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

Нысан жақында ғана пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың қараша айында басталған еді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекен электр жарығымен қамтылған. Алайда, 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз болып отыр.

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін биыл 3 қосалқы станция мен 16 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жылы Бозарық 220/110/10 кВ станциясы жақында ел игілігіне пайдалануға берілген болатын.   Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке -20 жыл, Жалын, Достық тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары да аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізді.

Мамандар жыл соңына дейін 21 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, көрсеткіш 97%-ға өседі дейді.


    A+
Уақыты: 2021-10-23  Айдарша: Өңір
TAG: