Онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтті

Қысқаша

Сүт безінің қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні. Дәл осы диагнозбен былтыр 165 науқас диспансерлік есепке алынса, 2019 жылы 203 адамнан анықталды.

Screenshot_7.png

Шымкенттегі қалалық онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтті. Бұл шара денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.Ашық есік күнінде қалалық онкологиялық орталықтың маммолог мамандары тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп, кеңес берді.

Шараның негізгі мақсаты жұртты  сүт безінің ісігі туралы ақпараттандыру болып табылады. Ең бастысы дерттің алдын алу дейді мамандар. Омырау ісігі Республикамыздағы онкологиялық аурулардың таралуының арасында бірінші орында тұр. 30 жастан асқан әйелдердің 92%  сүт безінің әртүрлі ауруларымен ауырады, олар асқынған жағдайларда сүт безі обырына ұласуы мүмкін. Онкологиялық ауруларды бастапқы сатыда анықтау емді ертерек бастаға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жақсы нәтиже береді және сауығу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ қабылдауға келген пациенттердің көрсеткіштері бойынша маммография, ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады.

"Сүт безінің қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні. Дәл осы диагнозбен былтыр 165 науқас диспансерлік есепке алынса, 2019 жылы 203 адамнан анықталды. Ал биылғы жылдың 9 айында 194 науқас есепке салынып отыр",- дейді", дейді - Шымкент қалалық онкологиялық орталығының  маммология  бөлімшесінің  меңгерушісі Ербол  Оңғарбаев.          


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: