Қазақстанда темекі шегудің таралуы ерлер арасында 42,4%-ды және әйелдер арасында 4,5%-ды құрайды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында азаматтарды, оның ішінде жастарды шылымнан қорғау шаралары қарастырылған. ДДҰ болжамы бойынша, 2032 жылға қарай темекі шегудің таралуы темекіге арналған акцизді 75%-ға дейін көтеру сияқты шаралар оны төмендетуге мүмкіндік береді, бұл темекі шегудің таралуын 27%- ға төмендетеді; темекі шегуге тыйым салу туралы (темекі шегуге арналған бөлмесіз) негізделген заңдардың сақталу қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, бұл 6%-ға төмендетуге; сату орындарында темекі бұйымдарын орналастыруға тыйым салу туралы заңдарды қабылдау және іске асыру - 7%-ға төмендеуге мүмкіндік береді.
Шымкентте «Психологиялық қолдау көрсету» бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жоғаыда аталған мемлекетті бағдарлама шеңберінде жастарды темекіге қарсы күресуге арналған барлық білім беру ұйымдарында «Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» атты психологиялық сабақ өткізілді. Іс-шараға 4 ауданның білім беру ұйымдары белсене қатысты.
Сабақ барысында оқушыларға медицина қызметкерлері мен педагог-психолог, мұғалімдер әлеуметтік мәселелердің пайда болу себептерін түсіндірді. Бүгінде шылым шегу қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасына айналып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, темекі шегуден бас тарту көптеген аурулардың даму қаупін біртіндеп төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетіндігін айтып, түрлі мысалдар келтірді.
Психологиялық сабақ барысында 7-11 сынып оқушылары темекінің зиянды жақтарын және ғасыр дертінің бірі екенін жан-жақты түсініп, салауатты өмір сүрудің маңыздылығын ұқты. Өз кезегінде олар да адам денсаулығына зиян келтіретін осындай жағымсыз заттардан бас тарту керектігін айтып, салауаттылыққа шақырды.