Ақ халаттылар жемқорлыққа төзбеуі керек

Қысқаша

Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оған қарсы қолданылар шаралар туралы дәрігерлерге түсіндіріліп, дәріс оқылды.

Screenshot_15.png

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта Қазақстан Республикасында арнайы заңдар қабылданып, кешенді шаралар атқарылуда.

Дегенмен, қоғам дертіне айналған осынау келеңсіздікпен күрестің тиімді бір жолы – қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Өскелең ұрпақты ел патриоты, қоғам жанашыры ретінде тәрбиелеу.

Бүгін қаладағы №1 емханада медициналық ұйым қызметкерлерімен Шымкент қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Алия Ахметова  жүздесті. 

«Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықты анықтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды бағыты болып қала береді. Агенттік қабылдайтын барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының ерік-жігері болған жағдайда ғана оң нәтиже беретіндігін атап өткім келеді, бұл үшін біз халықтың түрлі топтарымен, соның ішінде медицина саласының қызметкерлерімен де осындай кездесулер өткіземіз. Сіз медицина қызметкерлері ретінде адал, парасатты және сатылмайтын болу керек. Сіздерді әрдайым өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырамын, өйткені дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттеріне азаматтардың денсаулығы байланысты және сіз мұны түсінуіңіз керек",- деді штаб мүшесі.

Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оған қарсы қолданылар шаралар туралы дәрігерлерге түсіндіріліп, дәріс оқылды.


    A+
Уақыты: 2021-10-23  Айдарша: Өңір
TAG: