Студенттер сайысуда

Қысқаша

Шырайлы шаһарда орта оқу орындарындағы жастар арасында Шымкент қаласының лигасы басталды. Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру насихатталған бұл жарысқа өңірдің ең мықты деген спортшы ұл-қыздары қатысуда.

Screenshot_13.png

Шырайлы шаһарда орта оқу орындарындағы жастар арасында Шымкент қаласының лигасы басталды. Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру насихатталған бұл жарысқа өңірдің ең мықты деген спортшы ұл-қыздары қатысуда.

Мұхтар  Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің спорт  кешенінде жастар  арасында  бастау  алған  сайыс спорттың  төрт  түрінен  өтеді. Атап  айтқанда, ерлер  арасында  футболдан,  қыздар  арасында  волейболдан және жігіттердің  арасында  шаршы  алаңда  да баскетбол додасы  өтеді. Бұдан  басқа  шахматтан  аралас  құрамалар  өз  оқу  орындарының намысын  қорғайтын  болады. Жарыстың  салтанатты ашылу  рәсімінде  сөз  сөйлеген Шымкент  қаласының  дене  шынықтыру  және  спорт  бақсармасының  басшысы  орынбасары Ермек Дәрменов құттықтау  сөз  сөйлеп,  ел  ертеңі  болар –спортшы жастарға  сәттілік  тіледі.

Спорт пен  білімді  бір  арнаға  тоғыстырған  жастар сайысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30  жылдығы  аясында  ұйымдастырылды.  Кемелді  келешек  иелері жас  ұрпақ  арасында  кеңінен  тараған  спорт  түрлерінен  жарысуда. 30  жыл  бойы Қазақстан  спортын  бүкіләлемге танытып  жүрген велошабандоз,  аталмыш  университеттің  ұлағатты  ұстазы    Кеңесбек Сейдімбетов   жастардың көптеп  спорт  өнерімен  шұғылдану  керек  екендігін  жеткізді. Айта  кетерлігі,  жүлделеі  орындардан  үміткерлер қатарында  алаң  иелерімен  қатар, Отырар  және Сайрам колледждері  мен Оңтүстік  политехникалық  колледжінің  командалары  бар.


    A+
Уақыты: 2021-10-23  Айдарша: Өңір
TAG: