Түркістан көш бастап тұр

Қысқаша

Түркістан көш бастап тұр

17.jpg 

Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы екпе салдырған тұрғындар саны артып келеді. Еліміздегі егу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, вакцинаның бірінші құрамын 830 мыңға жуық адам қабылдады. Ал екінші компоненін 640 мың адам салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.

Бүгінде өңір «жасыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте 45 азамат қатерлі COVID-19 індетінің құрығына ілікті. Тәуліктік өсім 0,33 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 2020 орын бар. Мұнда 724 науқас ем қабылдап жатыр.

Жалпы пандемия белең алғалы коронавирус жұқтырғандар саны 13 653 адамға жетті. 7157 науқаста аурудың белгілері болмаған. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 008 452 адамнан ПТР сынамасы алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 2392 адам тексерілді.

Айта кетейік, жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президлент қасым-Жомарт Тоқаев:

- Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.

Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген,-деп атап өткен болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-09-17  Айдарша: Өңір
TAG: