Шардара «көгілдір отынмен» 50 пайыз қамтылды

Қысқаша

Шардара «көгілдір отынмен» 50 пайыз қамтылды

16.jpeg 

Түркістан облысы Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғындары «көгілдір отынмен» қамтылды. Жергілікті тұрғындар күрмеулі мәселенің шешімін тапқанына дән риза. Негізінен ауданда 10 ауылдық округ бар. Бүгінде оның 8-і табиғи газға қосылып, аудан бойынша газдандыру көрсеткіші 50 пайызды құраған. Бұдан бөлек аудан орталығын газдандыру құрылысы бойынша бірқатар шағынаудандар кезең-кезеңімен аяқталуда. Жалпы қаладағы құрылыс жұмыстары аяқталса ауданның 80 пайызы газдандырылатын болады. Сонымен қатар Қ.Тұрысбеков ауылын 2022 жылдың аяғына дейін, ал Жаушықұм ауылын табиғи отынмен қамту жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Яғни бұл жоба аяқталса аудан толықтай 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ.

«Көгілдір отын» халықтың әлеуметтік тұрмысына ғана емес, қоршаға ортаның экологиясына да оң әсер етеді. Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: 

 Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды.   Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн. Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісін жақсарту үшін жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады.  Бұл – Қашағандағы газ өңдеу зауытының және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырының құрылысы, сондай-ақ, «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырын жаңғырту жұмысы,-деп атап өткен болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-09-24  Айдарша: Өңір
TAG: