Президент жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Қысқаша

Айтып өтейік, елімізде Президент жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүріп жатыр. 1 қыркүйекте басталған іріктеу 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Screenshot_7.png

Елімізде 1 қыркүйектен бастап президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелмек. Іріктеуге енгізіліп отырған жаңашылдықтардың бірі – үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі сарапқа салынады. Оны Qaztest немесе Qazaq Resmi Test сертификаттары арқылы растауы шарт.

Биылғы Президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеудегі басты талаптардың бірі – мемлекеттік тілді меңгеру. Осы мақсатта Шымкенттегі Қазтест жүйесі негізінде тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы кандидаттардың қазақ тілін білу деңгейін анықтауды бастады. 5 күнге созылатын шарада 200 үміткерді сертификаттық тестілеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 1500 әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтуде.

Бұл жоба – білімді, талантты, қарым-қабілеті жоғары азаматтардың жоғары саяси лауазымда еліміздің дамуына адал қызмет етуі үшін ашық және тиімді «әлеуметтік лифт» болады. Бұл жастарға берілген  теңдессіз мүмкіндік, - дейді Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры  Дәурен Дүйсебаев.

Айтып өтейік, елімізде Президент жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүріп жатыр. 1 қыркүйекте басталған іріктеу 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


    A+
Уақыты: 2021-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: