Мектеп оқушыларын жанбасына қаржыландырудың тиімді тұсы көп

Қысқаша

"Жеке меншіктегі 1-4 сыныптарға 380 млн теңге.5-9 сыныптарға бір жылға 560 мың теғге, 10-11 сыныптарға 630 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыларға ең алдымен еңбекақы мен материалдық жағдай жақсартылды

Screenshot_8.png

Мектеп оқушыларын жан басына қаржыландырудың тиімді тұсы көп.Ол бәсекелестікті арттырып, білім сапасының жақсаруына септігін тигізіпті. Тіпті осы қаржынының есебінен білім ошақтарының материалдық техникалық жағдайы да жақсарған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалыжанындағы Білім және ғылымды дамыту және Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Жыл сайын Шымкентте мектепке баратын оқушылардың саны артып келеді.Биылғы жылдың өзінде 50 жеке меншік мектеп ашылған. Әр бала басына қаржы бөлініпті. Алдағы уақытта мегаполистағы бала саны аз мектептердің басшылығын біріктіру де жоспарда бар екен. Бұл арқылы бөлінген қаржыны тиімді жұмсау көзделіп отыр.

"Жеке меншіктегі 1-4 сыныптарға 380 млн теңге.5-9 сыныптарға бір жылға 560 мың теғге, 10-11 сыныптарға 630 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыларға ең алдымен еңбекақы  мен материалдық  жағдай жақсартылды",- дейдіШымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

Жиын барысында білім саласындағы өзекті мәселелер де айтылды. Бастауыш сыныптардағы орыс тілі мұғалімдерінің саны жетіспейді екен. Ал, мектеппен қамтамасыз ету мәселесіне жеке  кәсіпкерлерді тарту арқылы бұл мәселеге алдағы бірнеше жылда нүкте қойылмақ.

 "Үш ауысымдағы мектепті жою көзделген болатын. Дәл қазіргі уақытта 14 тен 9 ға түсті.  Ал, 2023 жыл үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі"-, дейді-«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық    филиалы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы Баршагүл Исабек. 

Білім басшысының айтуынша мектептерді жаңа технологиямен жабдықтау қарқын алған. Оқулықтармен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Көру қабылеті нашар оқушыларға қажетті оқулық үшін қомақты қаржы қарастырылыпты.


 


    A+
Уақыты: 2021-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: