Манкенттіктер тұтынатын жарық сапалы болады

Қысқаша

Манкенттіктер тұтынатын жарық сапалы болады



Манкент ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы аумағының өсуіне және жаңа коммерциялық объектілердің қатарының артуына байланысты жаңа электр тұтынушыларын қосу үшін энергия қуаты артып келеді.

image.png

Ағымдағы жылдың шілде айында Манкент ауылдық округінің Жалал ата көшесі бойында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілік шектеулі серіктестік тарапынан 400 кВт қуатты трансформатор орнатылды.

Трансформатор ауылдағы Жалал ата, Алматы, Акрамов және Ташев көшелеріндегі 200 ге жуық абонентті үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етеді.

Ауылдағы электр желілерін жаңарту, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторлар орнату жұмыстары 2016-2022 жылдарға арналған "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС инвестициялық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Ал, Көлкент ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыс көп. Атап айтар болсақ, инвест жобаға сәйкес Көлкент ауылдық округі Ханқорған елді мекенінде бүгінгі күнде толық 100 пайыз электр бағаналары жүргізілді, алда жаңа электр трансформаторы орнатылу күтілуде.

Сондай-ақ, Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекені, Ж.Меңлібаев көшесі бойында орнатылған түнгі 108 дана жарық шамдарын, соңғы үлгідегі электр үнемдегіш шамдарға ауыстыру жұмыстары қолға алынды. Тапсырыс беруші - Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты ММ, ал мемлекеттік тапсырысты орындаушы компания «Қыдырбай Ата-12» ЖШС. Жұмыс сапасын ауылдық округ әкімдігі бақылауға алған.

    A+
Уақыты: 2021-08-24  Айдарша: Өңір
TAG: