«Бастау бизнес» жобасына қатысу үшін азаматтар өтінімді онлайн негізде бере алады

Қысқаша

«Бастау бизнес» жобасына қатысу үшін азаматтар өтінімді онлайн негізде бере алады



Биылғы жылы Келес ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 220 азамат оқыту жоспарланған. Жалпы оқуға өтініш білдірген азаматтарды 5 лекке бөліп оқыту жоспарланса, қазіргі таңда оқудың 2- ағымы оқуды жалғастыруда. 3 – лекке өтініш беру 14 маусымнан бастау алып, оқу 21 маусымнан басталады. Бұл туралы Атамекен кәсіпкерлер палатасының Келес аудандық филиалының басшысы Еркебұлан Мәденов мәлімдеді.

image.png

Жалпы, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе, зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар мен табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелерімен қоныс аударушылар және оралмандар қатысуға басым құқыққа ие. «Жобаға қатысу үшін азаматтар https://atameken.co сайты арқылы өтініш бере алады. Курсқа тіркелер алдында тестілеуден сәтті өтіп сабақты бастайсыздар. Оқу прцесінде бизнес-жоспар әзірленген соң тыңдаушы курс аяқталғаны жайында сертификат алады. Сертфикат арқылы бизнес бастауға грант алуға мүмкіндік қарастырылған. Егер бизнес-жоспарыңыз тәуелсіз сарапшының бағалауынан өтпей қалса, қажетті бал жиналмай қалса, сізге бағдарламаға қатысқаны туралы сертификат беріледі» - деді Е.Мәденов.

Айта кететін бір жайт, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, сәйкесінше курсқа қатыспайды. Сонымен қатар бала күтімімен демалыста жүрген аналар мен орта арнайы оқу орындары мен ЖОО студенттері де курсқа қатыса алмайды. Оқудың ұзақтығы 21 күнді құрайды. Оқу онлайн форматта өтеді. Аралық тестілеу қамтылған 50 бейнетоптама қосымша консультациялар мен бизнес-тренермен кері байланыс жоспарланған.