«Ордабасы» қойына деген сұраныс жоғары

Қысқаша

«Ордабасы» қойына деген сұраныс жоғары

9.jpg

Ордабасы ауданындағы  «Сералы» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Ордабасы» қойын 20 жылдан бері өсіріп келеді. 

Қожалықтың басшысы Сералы Әбжановтың Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми институтының ғалымдарымен бірлесе жүргізген жұмысы өз нәтижесін беруде. 

Бүгінде қожалықтың асыл тұқымды қойларына деген сұраныс жылдан жылға артып отыр. «Ордабасы» қойының тұқымын жергілікті шаруалар ғана емес, арысы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, берісі Алматы, Қызылорда, Жамбыл өңірінің қожалықтары да қызығушылық танытып, сатып алуда.

Шарушылықта қазір ұсақ малдың май емес, ет беру өнімділігіне баса мән берілуде. Бұрын керісінше еді. Сол себепті, бұл асыл тұқымды қойлар бойына май емес, етті көп жинайтындығы көпшілікті қызықтырып отыр.

Мұнан бөлек, ұсақ малдың тұқымын асылдандыру мақсатында аталған шаруа қожалығы аталық қошқарларды шаруаларға «жалға беру» арқылы да «Ордабасы» тұқымының таралу аймағын кеңейте түсуде. 

Шаруашылық басшысының айтуынша қой басы 6000-нан асқан. Мұнан бөлек, ірі қара бордақылаумен айналысып, оған қажетті жем-шөпті жаңа техника күшімен өздері жинап алуда. 

Бір сөзбен айтқандда қыр асып, жаз жайлау, қыс қыстау қыстамай-ақ, орталықтандырылған шаруа қожалығында төрт түліктің табынын көбейтіп, табысын арттыруда.




    A+
Уақыты: 2021-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: