Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірланда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеті, әдебі жөнінде кеңес жиыны өтті. Жиынға ауданға қарасты барлық ауылдық округ әкімдері мен аппарат қызметкерлері қатысып, әдеп жөніндегі уәкілдің дәрісін тыңдады. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Түбегейлі реформаны жүргізу үшін мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті,-деген болатын.
Президент сонымен бірге:
- Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жетпейтін жабық кастаға айналмауға тиіс.
Сонымен қатар кәсіби және этикалық нормалардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық дәстүрдің сақталуын қамтамасыз ету маңызды,-деп атап өтті.