Көрмесең істің бәрі бос

Қысқаша

Көрмесең істің бәрі бос

14.jpg

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында жақсы нәтижеге жеткен азаматтардың тәжірибесін жастардың арасында тарату қолға алынуда. 

Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз жастары Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Тасхожаев Турсынның өнеркәсіптік жылыжай кешенімен танысты.

Еңбек түбі – береке. Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, отбасылық кәсіппен айналысып отырған кәсіпкер арнайы келген жастарды өз тәжірибесімен бөлісіп, жұмысының барысы мен сырлары жайлы баяндады.

Жастар «Агротур» ШҚ өнеркәсіптік жылыжай туралы жан-жақты мәлімет ала отырып, қызығушылықтарын танытты.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз жастары Жібек жолы ауылдық округінде мемлекет қолдауымен мал өсірумен айналысып, ісін дөңгелетіп отырған Мурат Абдибаевтың мал бордақылау алаңына танысты.

Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, отбасылық кәсіппен айналысып отырған кәсіпкер арнайы келген жастарды өз жұмысымен таныстырып, болашақта қосымша мал бордақылайтын алаң салатынын жеткізді.

“Бес қара” ЖШС мал бордақылау кешенімен танысқан жастар кәсіпке қызығушылықтарын білдіріп, тиісті сұрақтарына жауаптар алды.


    A+
Уақыты: 2021-08-16  Айдарша: Өңір
TAG: