Сарыағаш ауданы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын жерлер мен кәсіпкерлік, халыққа қызмет көрсету орындарына Халық санағы бойынша үнпарақшалар жабыстырылды.
Мәселен жуырда Жібек жолы ауылдық округінде ерікті жастардың ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын жерлер мен кәсіпкерлік, халыққа қызмет көрсету орындарына Халық санағы бойынша үнпарақшалар жабыстырылды.
Халық санағы әр 10 жыл сайын өтеді. Қазақстанда кезекті халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтеді. Соңғы науқан 2009 жылы, келесі науқан 2019 жылы өтуі керек еді. Алайда еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына және енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты қазіргі жағдайға байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
Халық санағы - белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпы мемлекеттік статистикалық шаралар. Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде – демографиялық және әлеуметтік, экономика мәліметгер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халық санағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады.