Сайрамдықтарды көптен бері алаңдатып келе жатқан жол мәселесі ендігі кезекте өз шешімін табуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сайрам ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Осы негізде ауданға қарасы, Арыс ауылдық округі, Қожақорған және Нұржанқорған елді мекендері аумағында орналасқан аудандық маңызы бар IV санатты автомобиль жолы үшін, яғни 5,2 шақырым жолға «аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол құрылысы 2022 жылдың соңында аяқталады.
Жол қадірін жүрген біледі демекші, ендігі кезекте сайрамдықтарды жол мәселесі алаңдатпайды деп сенеміз.