«Мәңгілік Ел» - қазақ елінің жалпыұлттық идеясы

Қысқаша

«Мәңгілік Ел» - қазақ елінің жалпыұлттық идеясы

«Мәңгілік Ел» отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қаншама жылдар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке жетер жолда еткен еңбектің арқасында келген нәтиже, жетістік. 

image.png

Осы негізде, Сайрам ауданы Манкент ауылындағы Жалал ата және Алматы көшелерінің қиылысында «Мәңгілік Ел» - қазақ елінің жалпыұлттық идеясын дәріптеу мақсатында панно орнатылды. 

«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Елбасы.

Тұрғындардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға септігі мол.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ашылған мұндай орындар мен нысандар тарих пен тағылымды тереңдету, зерделеуге негіз болары анық. Ауылдықтардың тарихи санасын жаңғыртудағы бұл жұмыстар ары қарай да жалғасын табады. Жуырда мұндай панно ауыл орталығындағы Паршаап көшесінде де орнатылмақ.