Түркістан облысының 11 елді мекені жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылмақ

Қысқаша

Түркістан облысының 11 елді мекені жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылмақ




Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Бұл туралы мемлекет басшысы өз жолдауында кең көлемде айтып өтті.

image.png

- «Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргізіледі» - деді мемлекет басшысы..

Былтыр облыс бойынша 58 ауылдық елді мекен тұрғындары интернетке кедергісіз қосылуға мүмкіндік алған болатын. Биыл да осы аталған жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, осы жылы облыстың жоспарланған 22 ауылының 11-іне “Ксеll” АҚ басшылығымен келісім шарт жүргізілді.

Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында интернет жүйесі толқындарын қабылдайтын антена діңгегі құрылғыларын орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды. Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Қалған 11 ауылға да kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.