Сауранда айына 500 дана жиһаз өндіретін цех жұмыс істейді

Қысқаша

Сауранда айына 500 дана жиһаз өндіретін цех жұмыс істейді

Түркістан облысы Сауран ауданында жұмсақ жиһаздың 40-қа жуық түрін шығаратын цех жұмыс істейді. «DIVALUX» атты кәсіпорын 2002 жылы құрылған. Содан бері аталған мекеме өз өнімін еліміздің барлық өңірлерінің нарқына шығарып үлгерген. Мекеме басшысы Шухрат Нәбиевтің ендігі мақсаты – кәсібінің өрісін кеңейтіп, дайын тауарды алыс-жақын шетелдерге экспорттау.

image.png

- «Алғашында жиһаз шығаруды 5 мың шаршы метр аумақта бастадық. Ол кезде 5-6 адам ғана жұмыс істейтін. Тапсырыс көбейіп, өнім өзекті болған соң жұмысшылар саны жыл санап арта түсті. Қазіргі таңда, жұмысшылар саны 120-ға жетіп отыр. Мамандардың негізгі бөлігі жергілікті азаматтар. Олардың біліктілігін арттыруға да тиісті деңгейде жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Ш.Алиханұлы.

Жиһазға қажетті шикізаттар Түркия елінен жеткізілуде. Аталған цех айына 500-ге жуық жиһаз құрастыруға қауқарлы. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Ал, Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылы «Ару ана» шаруақожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында 19 млн. теңге көлеміндегі төменгі пайызбен несие алып, осы қаражатқа 10 түйе сатып алған. Шаруақожалықтың жұмысы ілгері басып, екі жылда түйе басын бес есе көбейткен. Әр түйе он литрге дейін сүт береді.

Бүгінде тапсырыс берушілердің саны артқан. Шаруашылық төрайымы, көпбалалы ана Бақыткүл Қасымбекова қазақ төрт түліктің төресі санаған түйені өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырған. Алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздейді. Осы ретте, түйе етінің, жүні мен сүтінің өндірілуіне ерекше маңыз беріліп, қолдау көрсетіліп отыр.