Төлебидегі шаруа қожалық 130 тонна ет өндіреді

Қысқаша

Төлебидегі шаруа қожалық 130 тонна ет өндіреді

Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі «Жомарт» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылған. Қожалық мал өсірумен және бордақылаумен айналысады. Бүгінгі таңда онда 50 жылқы, 100 ірі қара, 2 000 қой бар. Шаруа қожалығының иесі Аманжолов Нұрболдың айтуынша, жылына 120-130 тонна ет өндіреді. Негізінен, қой еті өндіріліп, сауда орындарына шағарылады. Жалпы 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусымдық жұмыс кезінде қосымша 25 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта қожалық мал санын арттырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.

image.png

Ал, Киелітас ауылдық округінің тұрғыны, шаруа Рүстем Асланов ауылшаруашылық мақсатта алған 1 га жуық жеріне қызанақ, картоп, қияр егіп, көкөніс баптауды қолға алған.

Диқан ауылшаруашылық мақсатындағы 1 гектар жеріне ерте күзде картоп егіп, маусым айында пісіп, жетілген дайын өнімді сауда орындарына шығарады. Кәсіпкер көкөністі күтіп-баптауының нәтижесінде 30-35 тоннадай өнім алатынын жеткізді. Сондай-ақ, жаз мезгілінде көкөністі жинап алғаннан кейін бос қалған жерге екінші өнім ретінде сарымсақ, пияз егуді жоспарлап отыр. Сапалы әрі экологиялық таза өнімдері сауда орындарында үлкен сұранысқа ие.

Кәсіпкер ауылшаруашылығына қажетті техниканы жалға алып жұмыс істейтінін, алдағы уақытта техникаларды сатып алу жоспарда бар екенін жеткізді.